Мемлекет банкрот болған борышкердің қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет банкроттығын сот арқылы рәсімдеген борышкердің қаржылық жағдайына 3 жыл бойы мониторинг жүргізеді. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде Жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң жобасын таныстырған Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Миятов осындай мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Борышкерді банкротқа ұшыраған жағдайда несие берушіге алдын ала хабарлауға міндеттеу ұсынылған болатын. Бұл ұсыныс та қолдау тапты. Яғни заң жобасында ескеріледі. Банкроттық кезінде алаяқтыққа барғаны үшін қолданылатын жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныс болды. Уәкілетті орган 3 жыл бойы банкроттығы рәсімделген жеке тұлғаның қаржылық жағдайына салық декларациясы негізінде мониторинг жүргізеді», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Айтуынша, сот процедурасы кезінде борышкерді қаржылық басқару міндеттерін уәкілетті органға жүктеу ұсынылып отыр.

«Банроттық рәсімді құжат бойынша аяқтаудың тәртібін бекіту ұсынылған. Осыған байланысты банкроттық мерзім біткеннен кейін 6 ай өткен соң электронды үкіметтің web-порталында автоматты режимде несие беруші мен борышкерге жіберілетін хабарлама жарияланады», - деді маман.

Қайрат Миятовтың сөзіне сенсек, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы мәлімет 6 ай мерзім біткеннен кейін 7 жыл бойы электронды үкімет порталында сақталады.


Соңғы жаңалықтар