Мемлекет 300-ге жуық фермердің несиелерін жабуға көмектеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР АШМ 292 қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің несиелер бойынша берешегін жабуға көмектеседі.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

Айта кетейік, АӨК саласындағы түйткілді несиелердің көлемін азайту, олардың несиелік салмағын төмендету мен банкроттыққа ұшырау қаупін барынша төмендету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруда. Бұл шара агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

Бүгінге дейін жалпы берешек сомасы 312,9 млрд. теңгелік 292 АӨК субъектілерінің өтінімдері мақұлданды, оның ішінде 126 АӨК субъектілерінің жалпы 245,3 млрд. теңгені құрайтын берешек сомасы «ҚазАгро» холдингтің қорландыру қаражаты арқылы сауықтырылатын болады. Бұған қоса, бағдарламаға 17 қаржы институттары қатысады.

Белгілі болғандай, сауықтыруға негізінен астық егуші аймақтардың АӨК субъектілері қатысуда. Сауықтыруға жататын берешектердің негізгі үлесі өсімдік шаруашылығы саласына тиесілі - 86,4 пайыз, мал шаруашылығы саласына - 2,8, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге 5 пайыз тиесілі, басқа қызмет түрлері бойынша 5,6 пайызы қамтылды.

С. Омархановтың сөзіне қарағанда, жалпы АӨК субъектілерінің берешектері бойынша қаржылай сауықтыру бағдарламасында сыйақы мөлшерлемесінің жалпы сомасын екі есеге төмендету, 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын сақтап қалу үшін жағдай туғызылған. Мұнымен бірге, есептен шығарылған айыппұл мен өсім ақыларының көлемі шамамен 2,8 млрд. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар