Мемқызметтерді электронды форматқа ауыстыру 94% жетті - Мусин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2025 жылға дейін барлық 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасалады. Бұл туралы Үкімет отырысында технологиялық серпіліс ұлттық жобасын талқылау кезінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы бойынша осы жылы 85 іс-шара жоспарланған. Мемлекет басшысы бізге мемлекеттік қызметтердің бизнес-процесстеріне реинжиниринг жасау туралы тапсырма берген болатын. Осы тапсырма аясында біз 5 мың процестен тұратын тізім құрып, олардың 175-іне жаңа әдістеме бойынша реинжиниринг жасадық. Атап айтқанда, әрбір қызметті саралай келе, оларды алу үшін азаматтар қанша қадам мен сатыдан өтуін, жұмсалатын қағаз көлемін анықтап, қажетсіз бюрократияны жойдық. Нәтижесінде, жаңа әдістеме негізінде бизнес-процестердің жақсару деңгейі 54 % құрады», - деді Б. Мусин.

Осы орайда ол 2025 жылға дейін барлық 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасалатынын айтты.

«Өз кезегінде мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа ауыстыру жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Олардың үлесі 94 % жетті. Алдағы мақсат - проактивті жұмыс форматына көшу. Ондай қызметтердің саны 25-ке жетті», - деді министр.



Фото:primeminister.kz




Соңғы жаңалықтар