Мемқызметшілерге жұмыс орнында смартфон ұстауға рұқсат беру туралы Үкіметке ұсыныс енгізілмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметшілерге жұмыс орнында смартфон ұстауға рұқсат беру жөнінде Үкіметке ұсыныс енгізілмек. Бұл туралы елордадағы «Цифрлық күз» шарасынан кейін тілшілерге берген сұхбатында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бұл құжатты Үкіметке енгіземіз. Бекіткеннен кейін смартфондарға қатысты сұрақтардың бәрі (мемқызметшілердің смартфондарды жұмыс орнына кіргізуі туралы – авт.) реттелер деген ойдамын. Яғни, смартфондарды пайдалануға рұқсат беріледі. Үкімет қаулысы (жобасы) қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органдармен мақұлданып жатыр. Меморгандардың басым бөлігі смартфондарды кіргізуге дауыс берді. Осыдан кейін ұсынысты құжат ретінде Үкіметке енгіземіз», - деді ол.

Министр Үкімет қаулысы шыққаннан кейін ғана норма күшіне енетінін мәлім етті.

Еске сала кетсек, бұған дейін ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова жуырда мемқызметшілерге жұмыс орнында смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін екенін мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар