Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 339.95 EUR 392.64
RUB 5.30 CNY 52.51
Жаңалықтар

Мемқызметшілерге жалақы балдық шкаламен тағайындалғаны дұрыс - сарапшы

2018 жылғы 15 наурыз 03:38 1176
Бөлісіңіз:
Мемқызметшілерге жалақы балдық шкаламен тағайындалғаны дұрыс - сарапшы

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облыстық департаментінде өткен жиында мемқызметшілерге еңбекақы мен сыйақы төлеу мәселесі қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Ұлт Жоспарының 5 және 6-қадамдарын іске асыру шеңберінде пилоттық режимде әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы берудің жаңа жүйесі енгізілді.  Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы бекітілген қағидамен емес, атқарған жұмысына байланысты есептелмек.

Департаменттегі жиында мәлім етілгендей, бұл пилоттық жоба бойынша мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы екі бөліктен тұрады. Біріншісі - кепілді жалақы, ол факторлы-балдық шкала арқылы белгіленеді. Ал екінші бөлігі - бонус түрінде, яғни мемлекеттік қызметшінің атқарған еңбегіне байланысты балл қойылып, төлем жасалады.

Мемлекеттік қызметшілердің жалақысының көтерілуі сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне оң ықпалын тигізеді деп санайды мамандар.

«Төмен еңбекақы мәселесі - жемқорлық жасауға итермелейтін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан да, мемлекеттік қызметшілердің жалақысының көтерілуі сыбайлас жемқорлықтың төмендеуіне оң ықпалын тигізеді. Бұған қоса әр мемлекеттік қызметшінің материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі оның жұмыс сапасының тиімді болуына әсер етеді. Елімізде пилоттық жоба ретінде енгізілген жүйе Канада, Жапония АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Малайзия сияқты әлемнің дамыған  елдерінде тиімді қолданып жүр. Бұл әдіс бойынша қызметшілердің нақты жүктелімін және мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына жетуіне оның үлесін ескеретін болады», - дейді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының төрағасы Дастан Жұмабаев.

ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Құсна Тұманованың айтуынша, жұмысқа енді қабылданған жас маманды мемқызмет ұсынатын материалдық жағдай қызықтырмай қоймайды.

«Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің пилоттық жобасы күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Қызметіне жаңадан кіріскен азамат өзінің біліктілігі мен білімі, жан-жақтылығын көрсетуге тырысады. Осы орайда мемлекетік қызметшіні ынталандыру қажет. Сондықтан сынамалы түрде енгізіліп жатқан жоба мемлекеттік қызметшілердің жұмыс нәтижесін арттырып, жас мамандардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттырады», - деді Құсна Тұманова.

Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жауапкершілік жоғары және олардың барлығы жұмыс көлемінің әртүрлі болғанына қарамастан бірдей жалақы алады. Сондықтан да мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу факторлы-балдық шкала тәсілімен тағайындалғаны жөн.


Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат