+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Мемқызметшілерге сыйлық ұсынатын азаматтарға қандай жаза тағайындалады

2019 жылғы 12 желтоқсан 15:45
Бөлісіңіз:
Мемқызметшілерге сыйлық ұсынатын азаматтарға қандай жаза тағайындалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулова мемлекеттік қызметшілердің заңды бұзып сыйлықтарды алу фактілерін анықтау бойынша қоғамдық мониторинг жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Зерттеу: Делдалдар - жемқорлыққа жол ашатын негізгі фигурант

«Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік міндеттерін орындағаны үшін кез келген сипатта сыйлық ұсынуға тыйым салынады. Егер сыйлықтың құны 2 АЕК-тен (5 050 теңге) төмен болса, сыйлық ұсынушыға 200 АЕК (505 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады. Бұл жағдайда сыйлықты қабылдап алған мемқызметшіге 600 АЕК (1,5 млн теңгеден астам) айыппұл көзделген. Ал, бұл сомадан жоғары көрсеткіштердің бәрі пара деп саналып, қылмыстық жауапкершілікке әкеледі», - деді Сымбат Исрапулова агенттікте өткен баспасөз мәслихатында.

Мемлекеттік қызметшінің өзі білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға тапсырылуы тиіс.

«Бұл үшін жергілікті жердегі мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жүгінуі қажет. Шындығына келсек, мемлекеттік қызметшілерге 2 мың теңге немесе кәмпит қорабын ұсынып, 200 есе артық айыппұл төлеуге тура келетін мәнсіз «алғыстардың» салдарын білу керек. Алдағы мерекелер қарсаңында барлық мемлекеттік қызметшілерге бағыныштылардан және басқа да адамдардан сыйлықтар алу, бұл – әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы өрескел бұзу екенін еске саламыз», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT