Мемқызметшілердің «Туған жер! Туған тіл!» байқауының жеңімпаздары анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілер арасында өткізілген «Туған жер! Туған тіл!» атты облыстық эссе байқауының қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасының аясында Ақмола облысы жергілікті мемлекеттік органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілген «Туған жер! Туған тіл!» облыстық эссе байқауы өз мәресіне жетті.

Мемлекеттік қызметшілердің бойына патриоттық рухты сіңіріп, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиінің практикалық қолданылуын біртіндеп енгізу және оны кеңейту арқылы жаңа әліпбиге жүйелі өтуге жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған байқаудың бірінші кезеңі облыстың аудандары мен қалаларында өткізілді.

null «Туған жері мен ана тілі туралы мақтанышпен жазылған үздік шығармалардың авторлары байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.null

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ғайша Жакиенова және оқытушысы Бибігүл Даирова, сондай-ақ, департаменттің бас маманы Сая Беккажанова сынды мамандардан құрылған облыстық байқау комиссиясының шешімімен Бурабай аудандық мәслихаты аппаратының бас маманы Жасұлан Мажкеевтың шығармасы үздік деп танылды», дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Жазира Тоқтар.

Соңғы жаңалықтар