Мемқызметшілердің алғашқы легі жаңа тәртіппен басшылық лауазымға тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың соңынан бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді тағайындаудың жаңа тәртібі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзгеріске сай, кандидаттар «Б» корпусы бойынша мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тағайындалады.

«Бұл өзгерістер былтыр 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған заңмен қолданысқа енгізілді. Осыған байналысты агенттік келісімі негізінде мемлекеттік органдардың 31 құрылымдық бөлімшесінің басшысы конкурстық іріктеусіз тағайындалды», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының цифрландыру жөніндегі орынбасары Айнұр Серғазиева Парламент Сенатының депутаттарымен кездесуде.

Оның айтуынша, ақпан айынан бастап GPA үлгерімінің орташа балы 3.33 болып бекітілді. Оның негізінде мемлекеттік басқару академиясының және басқа да оқу орындарының түлектерін конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындау жүзеге асырылады.

«Қазіргі уақытта үздік түлектер конкурстық іріктеусіз лауазымдарға тағайындалуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу тәртібін оңтайландыру, меритократия қағидатын ілгерілету жұмыстары жүйелі негізде жүргізіліп жатыр», - деп тоқталды ол.


Соңғы жаңалықтар