Мемқызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын бұзуы сирей бастады - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысында Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп нормаларын бұзу оқиғалары азайып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Әдеп кеңесінің жұмысы тәртіптік істерді қараудан гөрі мемлекеттік қызмет пен жемқорлық салаларындағы жүйелік мәселелердің алдын алуды және оларды шешуді көздейді. Қазіргі кезде қаралып жатқан мәселелердің 70 пайызы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

«Өткен жылы Кеңестің 13 отырысы өтіп, онда 97 мәселе қаралды, оның ішінде: 14 - ол мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын бұзудың алдын алу бойынша жұмыс қорытындылары, 6 - жемқорлық тәуекелдерін талдау, 11 - әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған қызметінің қорытындылары, 8 тәртіптік комиссиялардың атқарған қызметінің қорытындылары, 29 өзге мәселелер және 29 тәртіптік істер», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Сұлтанғазиев.

Басқарма басшысының айтуынша, Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапқа тарту жөніндегі шешімдерді көбіне қабылдамауға тырысады. Бұл кеңестің әділдігін және бірбеткейлігін көрсетеді. 2018 жыл ішінде 3 тәртіптік іс тоқтатылып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалды. Сонымен қатар, әдеппен байланысты құқықбұзушылықтардың төмендегені байқалады. Мәселен, өткен жылы Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынысымен 15 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды. Ал 2017 жылы олардың саны 17-ні құраған.

Соңғы жаңалықтар