Мемқызметшілер туралы интернет-конференция өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың қатысуымен бүгін сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік төрағасының орынбасары мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.

Соңғы жаңалықтар