Мемқызметші үшін жалдамалы пәтер бағдарламасын кеңейту қажет - Дәуешов

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызметшілер үшін жалдамалы пәтер бағдарламасын кеңейту қажет. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Марат Дәуешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік қызметшілер еңбегінің өтемі қолжетімді баспана сатып алу үшін біркелкі пайыздық мөлшерлеме болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер үшін жалдамалы баспана бағдарламасын да кеңейту қажет. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің балаларын балабақшаға орналастыруда шынайы мүмкіндік беру қажет. Мұндай мүмкіндік қазірдің өзінде әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне қарастырылған», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Сондай-ақ ол барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер тегін медииналық қызметпен қамтамасыз етілуі тиістігін баса айтты.

«Мәселен, бүгінде Нұр-Сұлтандағы орталық мемлекеттік органдардың қызметшілері Президент Іс басқармасының медициналық орталығына тіркелген. Алайда, облыс әкімдерінің аппарат қызметкерлерін қоспағанда облыстық және аудандық органдардың қызметкерлері мұндай медициналық мекемелерге тіркелмеген», - деді Марат Дәуешов.


Соңғы жаңалықтар