+7 (701) 759 90 19
USD 389.75 EUR 434.26
RUB 6.12 CNY 55.05
Jańalyqtar

Мемқызмет саласында «Жаңа формация жетекшісі» оқу бағдарламасы енгізіледі

2019 жылғы 17 мамыр 16:46
Бөлісіңіз:
Мемқызмет саласында «Жаңа формация жетекшісі» оқу бағдарламасы енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласына «Жаңа формация жетекшісі» оқу бағдарламасы енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандану дәуірінде әрбір мемлекеттің алдында әрбір қызметкерді өз орнына орналастырып, оны жігерлендіруді ұмытпай персоналды басқарудың толыққанды механизмін құру міндеті тұр. Елбасының тапсырмасы бойынша, Қазақстанда бұл құзіреттерді өсіру «Жаңа формация жетекшісі» оқу бағдарламасына сай жүргізіледі», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова АЭФ аясында өткен «Жаһандық конференция: Өзгеріске ұшыраған әлемдегі транформациялық көшбасшылық» сессиясы барысында.

Айгүл Шайымова өз сөзінде әйгілі үнді көшбасшысы Махатма Гандидің сөзін келтірді.

«Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, айналып келгенде бәрін де адамдардың өзі өзгертуі керек. Бұл туралы Махатма Ганди де «әлемді өзгерткің келсе, әуелі өзің өзгеріп көр» деген», - дейді ол.

Жалпы, агенттік төрағасы орынбасарының пікіріне құлақ ассақ, кез келген қоғамның сәтті сипатта өзгеруінің үш бөлігі бар.

«Біріншісі - өзгеріске дайын басшылық. Біздің бәрімізде ол қасиет бар. Саяси жігер де жетіп жатыр. Екіншісі - тиімді жұмыс жүргізетін әкімші. Үшіншісі - қоғамдық тәртіп. Біз бұл бағытта тұрақты түрде жұмыс жүргізіп жатырмыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, ел болашағы - әрбіріміздің қолымызда», - дейді Айгүл Шайымова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT