Мемқызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментіне жаңа басшы келді

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жаңа басшысы және Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына Нұрлан Еркебаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрлан Тәңірбердіұлы 1977 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. 2 жоғары білімі бар.

Еңбек жолын білім беру саласында бастап, 2011 жылға дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. Атап айтқанда, Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман, аппарат жетекшісі, аудан әкімінің кеңесшісі, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, «Nur Otan» партиясының Жуалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының бас маманы лауазымдарында еңбек еткен.

2011-2020 жылдары аралығында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде консультант, бөлім басшысы, басқарма басшысы және департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылы аталған агенттіктің Стратегиялық жұмыс және халықаралық бағдарламалар департаментінің бас консультанты болды.


Соңғы жаңалықтар