Мельбурндегі WTA 500 жарыстарына қатысатын Қазақстан теннисшілері анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Australian Open қарсаңындағы апта ішінде Мельбурнде өтетін WTA 500 жарыстарына қатысатын Қазақстан теннисшілері анықталды. Бұл туралы Қазақстан Теннис федерациясынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Gippsland Trophy және Yarra Valley Classic деген атауға ие болған турнир 31 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтеді. Оған әлемдегі ТОП-88-ге кіретін барлық теннисшілер қатыспақ. Осынау байрақты бәсекеде Қазақстан атынан Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Ярослава Шведова және Зарина Дияс өнер көрсетпек.

ҚР Теннис федерациясының мәліметінше, алдағы уақытта қазақстандық спортшылардың екі жарысқа қалай бөлінетіндігі белгілі болады. Әр турнирдің кестесі 64 ойыншыдан тұрады.


Соңғы жаңалықтар