Мельбурнде мектеп оқушысы әлемдегі ең әдемі ер бала болып танылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Instagram және Twitter пайдаланушылары 12 жастағы австралиялық Уильяма Франклин-Миллерді әлемдегі ең әдемі бала деп таныды.

Басында  әлеуметтік желілерде   Уильяманың аккаунты интернеттің азиялық сегментінде танымал болды.  Оның суретін Жапониядан мектеп оқушысы  әлеуметтік желіге салған.   Оның Twitter-аккаунтындағы суретіне мыңдаған репост жасалды. Осыдан кейін  Франклин-Миллерге жазылушы достар күрт көбейе бастады. 

«Әр үш секунд сайын жүздеген жаңа жазылушы қабылдадым», - деді бала.

null  

Оның айтуынша, анасы екеуі аккаунтты бұзды деп ойлаған. Кейіннен мұның адамдардың суретке білдірген пікірлерінен екендігін түсінді.

Instagram-да әдемі балаға жазылушылар саны 152 мыңға жетті.  

Франклин-Миллердің сөзіне қарағанда,  фолловерлер саны екі тәулікте жүз есе артқан.   

null null  

Соңғы жаңалықтар