+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Мектептерге Ashyq жобасы енгізіле ме

2021 жылғы 28 шілде 13:33
Бөлісіңіз:
Мектептерге Ashyq жобасы енгізіле ме

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мектептер мен білім беру ұйымдарына Ashyq жобасы енгізіле ме? Бұл сұраққа Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде 102 мектептегі 310 сынып оқушысы карантинге жіберілді Елорда мектептерінің барлық қызметкерінің жалақысын көтеру керек - кәсіподақ Мектепте эвакуация жолын жабуға қатаң тыйым салынды – ТЖМ

«Бұл мәселе талқыланды, бірақ әзірге жоспарда ғана бар. Қазір нақты ештеңе айта алмаймыз. Негізінен жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждерде бұл жобаны енгізу жоспарланып отыр», - деді Жомарт Қарамбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Осы шарада Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің өкілі жаңа оқу жылында оқушылардың қалыпты форматта оқу мүмкіндігі туралы пікір білдірген болатын.

«Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шығарып, ол шешім Мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен бекітіледі. Эпидемиологиялық жағдай жақсарған кезде министрлік дәстүрлі оқыту форматына көшуге дайын», - деген Жомарт Қарамбаев БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT