Мектептерден ақша жинаған әкім орынбасары өз кабинетінде ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарына қатысты тергеуді бастады. Оның сейфінен заңсыз ақша шыққан, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарованың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық бюроның Алматы облыстық департаменті Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

«Ол жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан қамқорлығы үшін бірнеше рет пара алды деп күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасуда», - деді Ж.Бастарова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.



Айта кетейік, бүгінгі брифингте тағы бір заңбұзушылық туралы айтылды. «Астана қаласы бойынша көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Ол басқарма басшысының келісімін алмай, оның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы мердігердің есепшотына 414 миллион теңгенің бюджет қаражатын заңсыз аударған.

Соңғы жаңалықтар