USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді – Білім министрлігі

2021 жылғы 2 желтоқсан 12:14
Бөлісіңіз:
Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді – Білім министрлігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ғылым және білім министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Ashyq қосымшасымен «қызыл» мәртебесі бар 61 адам анықталды Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды»

Айта кетейік, жақында ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамы Қазақстан аумағында таралмауына арналған жаңа қаулы жариялады.

«Ертеңгіліктер мен өзге де бұқаралық іс-шаралар мектептерде өткізілмейді. Осы орайда Бас санитар дәрігерінің шешімі болғандықтан, біз оны орындауға міндеттіміз. Сондықтан ертеңгіліктер мен басқа да мерекелік жиындар мектепте ұйымдастырылмайды», - деді А. Аймағамбетов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, бір сыныптың ішінде мерекені өткізу туралы шешім мектеп әкімшілігі деңгейінде қабылданады.

Сонымен қатар тілшілер «омикрон» штамының таралуына байланысты оқушыларды қашықтан оқытуға ауыстыру мүмкіндігі туралы сұрады.

«Қазіргі кезде бұл жайында айту ертерек. Біз Ведомствоаралық комиссияның шешімі аясында жұмыс істейміз. Қазіргі уақытта қорытынды шығару үшін мәліметтер жеткіліксіз болып тұр», - деді министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT