Мектептерде ерекше мақсаттағы полиция жасағы кезекшілік етеді - фейк
Бұл хабарламаларды ҚР Білім және ғылым министрлігі жоққа шығарды.
«Аудиожазбада айтылған барлық ақпарат шындыққа жанаспайды . Мектептерде тергеу изоляторы ( ШИЗО ) кабинеттері болмайды және жедел әрекет ету қызметкерлері күзетпейді . Мектеп – балаларға білім беретін мекеме . Балаларға қатысы жоқ басқа мақсаттар қарастырылмайды . Автобустар балаларды үйден білім беру ұйымдарына және кері қарай тасымалдау үшін ғана пайдаланылатын болады . Олар ата - аналардың келісімінсіз басқа мақсаттарда басқа мекемелерге жіберілмейді . Ата - аналардан тек ресми ақпаратқа ғана сенуді және балалардың білім деңгейін арттыратын осындай хабарламаларға сенбеулерін сұраймыз» , – деп хабарлады ведомстводан .
Министрлік сондай-ақ көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.