Мектептерде экология сағаты енгізіледі - Білім министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл жаңа оқу жылынан бастап мектеп оқушыларына экология сағаты өтетін болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға экологиялық білім беру және тәрбиелеу бойынша тапсырма жүктеді. Қазіргі уақытта сарапшылармен бірлесіп, экологиялық білім беру және тәрбие бойынша толыққанды тұжырымдама дайындаймыз. Салалық министрлікпен бірлесіп, сарапшылармен бірнеше кездесу өткізіп, талқыладық. Осы жылдан бастап бірыңғай бағдарлама бойынша экологияға қатысты сынып сағаттары басталады және мектеп бағдарламасына экологиялық білім беру мәселесі ықпалдастырылатын болады», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта экология сағаттары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында да оқытылмақ.


Соңғы жаңалықтар