+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Мектептерде 5 оқушыға кем дегенде 1 компьютерден келуі керек – министр

2020 жылғы 30 маусым 10:11
Бөлісіңіз:
Мектептерде 5 оқушыға кем дегенде 1 компьютерден келуі керек – министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкіметке «Цифрлық білім» жобасын таныстырған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ауқымды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті инфрқұрылым өте қажет екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да 101 жастағы кейуанаға жаңа куәлік үйіне жеткізіліп берді Үкімет басшысы: 2025 жылға дейін халықтың цифрлық сауатын 87 пайызға жеткізу керек Асқар Мамин «Цифрлық білім» жобасын ауқымды түрде іске асыруды тапсырды

«Мысалы PISA зерттеуі көрсеткендей, интернетке қосылған компьютердің болуы оқушылардың нәтижесін 20 балға арттырады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар мектептерді интернет желісіне толық қосуды қамтамасыз етуі тиіс. Мектептерді компьютерлендіруді және тиісті құралдармен жабдықтауды аяқтау қажет. Мектепте кем дегенде 5 оқушыға 1 компьютерден келетіндей мақсатқа қол жеткізу қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, тиісті жабдықтар болмай, оқушылардың цифрлық құзыретін дамыту мүмкін емес.

«Бұған қоса, 2022 жылға дейін робототехника және STEM зертханаларын барлық мектептерге сатып алу қажет екенін атап өтемін. Жалпы ұсынылған шаралар адами капиталды дамытуға, цифрлық экономика үшін жаңа кадрлар даярлауға мүмкіндік береді», - деді ол.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT