Мектептер жеке күзет қызметін пайдалануға міндеттелмейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әкімшілік полиция комиитетінің төрағасы Мақсат Байболов мектептер жеке күзет қызметін жалдауға міндеттелмейтінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы уақытта мектеп оқушыларының өрескел бұзақылық әрекеттері жиілеп кетті. Алдағы уақытта мектепке алып кіруге болатын заттардың тізімі жасалып, күзет өкілдері соны қадағалайтын болады. Бұл бастама Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп қолға алынған. Бірақ бұл барлық мектептер күзет компаниясының қызметіне жүгінуге міндеттеледі деген сөз емес. Таңдау мектептің өзіне қалады», - деді Мақсат Байболов.

Соңғы жаңалықтар