Мектептер министрлікке бағынышты болса, жалақы қарызы болмас еді - Ғани Бейсембаев

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев мектептерді тікелей министрлікке бағынышты ету туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Депутаттарымыздың мұндай мәселеге мән беруі өте орынды. Өйткені бүкіл мектептер, колледждер, балабақшалар тікелей Оқу-ағарту министрлігіне бағынышты болса, мүмкін болашақта бүгінгідей келеңсіз жағдайлар туындамас еді. Өздеріңіз білесіздер, Бюджет кодексінің 56,57-баптары бойынша білім мекемелерін түгелдей қамтамасыз ету әкімдіктердің тікелей құзыретінде болып отыр», - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр ондай мәселе ведомство тарапынан ғана емес, депутаттар тарапынан да көтерілуі керектігін атап өтті.

«Біз әрине ондай мәселені көтереміз. Бірақ әріптестеріміз, депутаттар да мұндай мәселені қолдап жатса, құба-құп болар еді», - деді министрдің орынбасары.

Еске салсақ, кеше Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің атына депутаттық сауал жолдап, мұғалімдердің айлығын кешіктермей төлеуді сұрадған еді. Оның айтуынша, жазғы еңбек дамлысына шыққан мұғалімдердің 30 млрд теңге көлемінде еңбекақысы төленбеген.


Соңғы жаңалықтар