Мектептер мен балабақшалар бейнебақылау камераларымен қашан жабдықталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева Қазақстан мектептері мен балабақшаларын бейнебақылау камераларымен жабдықтау жұмыстары жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан мектептері мен балабақшаларының 80 проценті бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

"Қауіпсіздік пен білім сапасы бәрінен де маңызды. Республика бойынша бейнекамералармен қамтамасыз етуде Атырау облысы (87%) көш бастап тұр. Павлодар, СҚО, Қарағанды облыстары да алдыңғы қатарда. Керісінше, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысына (37%) тиесілі. Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында да бейнекамералармен жабдықталған мектептер өте аз", - деді вице-министр Эльмира Суханбердиева Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, министрлік өңірлерге үш жыл уақыт берді және  жабдықтау жұмыстары бойынша әкімдіктер тікелей жауап береді.

"Үш жылда Қазақстанның барлық мектепері мен балабақшалары бейнебақылау камераларымен 100% жабдықталуы тиіс", - деді Эльмира Суханбердиева.

Соңғы жаңалықтар