Мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтылды – министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды, 100 пайыз көштік. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді», - деді министр.

Оның айтуынша, орта білім беру жүйесінің негізгі проблемаларының бірі - ол қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы.

«Осы мәселені шешу жолдарын пысықтадық. Соның ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз», - деді А. Аймағамбетов.


Соңғы жаңалықтар