Мектептен кітапхана ашқан Қытай қазағы көпке үлгі болды - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей осы аптада шетелдегі қазақ тілінде ақпарат тарататын БАҚ көздеріне шолу ұсынады.

Иран Еуразиялық одаққа қосылмақшы - TRT
null

Медведев Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасында еркін сауда аймағын құруды көздейтін 4 жылдық келісімді бекітті. Осылайша, Иран Еуразиялық экономика одағына қосылмақшы. Бұл туралы осы аптада Түркия Радио Теледидар Мекемесінің ресми ақпараттық порталы хабарлады.

Ресей үкіметінің интернет бетінде жарияланған келісім жобасы ЕАЭО елдері мен Иран арасында белгілі өнімдерді қамтитын еркін сауда аймағының құрылуына мүмкіндік береді. Ресей мен Иран үкіметтер арасындағы комиссиясының тең төрағасы Ресей Энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, келісім екіжақты сауданың дамуы мен инвестицияның ынтымақтастығын арттырады.

«Екі ел арасында еркін сауда аймағын құру жөніндегі келіссөздер үш жыл бұрын басталып еді. Еуразиялық экономикалық одақ Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армениядан тұрады» деп жазды TRT.


ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері қытайлық әріптестерімен кездесті - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null

ҚХР Мемлекеттік Халық құрылтайы тұрақты көмитетінің бастығы Ли Жаншу мен ҚКП орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, Мемлекеттік Халық құрылтайы тұрақты комитеті басшысының орынбасары Уаң Чын 22-23 сәуір күні Халық сарайында Қазақстан Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаевамен кездесті. Бұл туралы «Жэньминь жибао» хабарлаған болатын.

ҚХР Мемлекеттік Халық құрылтайы тұрақты комитетінің бастығы Ли Жаншу және Халық құрылтайы тұрақты комитеті бастығының орынбасары Уаң Чын бұл кездесудің маңызы туралы өздерінің ортақ ойларын білдірді.

«Төраға Ши Жинпиң мен Президент Н. Назарбаевтың стратегиялық жетекшілігі мен шынайы қамқорлығында, Қытай мен Қазақстанның жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынасы тағы бір жаңа деңгейге көтерілді. Қытай Халық құрылтайы Қазақстан парламентімен бірге ынтымақтастығын жоғарлатып, екі елдің даму стратегиясының тұтасуын бірлікте күшейтіп, «Бір белдеу бір жол» құрылысын бірлікте құруға жақсы заңдық орта жасауға пейілді» деді қытайлық қос басшы.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Исімбаева Қазақстан - Қытай достығы күннен-күнге күшеюде, Қазақстан Парламенті Қазақстан - Қытай жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынасын дамыту үшін үлкен үлес қосуға ниетті екенін айтты», деп жазды People Daily ақпараттық порталы.

Өз үйінде 2600 дана кітапты сақтап келген зейнеткер - «Ағажай-Алтай» порталы

null

Осы аптада Қытай халқы «Дүние‎жүзілік кітап оқу күнін» жаппай атап өтті. Бұл мерекелік бастама үлкен қалаларда ғана емес, аймақ, аудандарда да жалғасын тапқан болатын. Осы халықаралық шараға орай, қазақтар тұратын елді мекендердегі кітап оқуда көпке үлгі боларлық азаматтарды ақпарат көздері көпшілікке таныстырды. Солардың бірі Науан Қызметұлы екен. Бұл туралы «Ағажай-Алтай» порталы жазады.

Науан Қызметұлы 1951 жылы Қытайдың Шіңгіл ауданындағы Шағанғол өзені бойында туған. Қоғамдық қызметті оқытушы болудан бастап, Шағанғол ауылдық жатақты мектебінің директоры, Ағашоба ауылының әкімі, аудандық үкімет әкімінің орынбасары, аукомның төраға орынбасары, аудандық саяси кеңестің бастығы сынды міндеттер өтеп, 2012 жылы зейнетке шығады.
null

«Жарым ғасырдан астам уақыттан бері кітап маған рухани серік болып келеді» дейді Н. Қызметұлы. Кітапты өзінің айнымас досы, рухани тірегіне балап, қай кезде де қолынан тастамай 2600 дана кітап-журналды үйінде сақтап келген Науан Қызметұлы кітапты өміріне арқау етеді. Ол мектепте оқып жүргенде мұғалімдердің қолындағы санаулы кітаптарды жинап, содан мектепте шағын кітапхана ашқан. Бастауышта оқып жүргенде, ол мұғалімдер қолындағы санаулы кітаптарды жинап, соны мектеп ішінде шағын кітапхана етіп ашады. Өзгелерді кітап оқуға үгіттеп, сыныптың қызыл тақтасына оқыған кітаптардан алған әсерлерін жазып, сыныптастарының кітап оқуға ынталарын оятуға күш салған. «Кітап оқып үйрену - менің тұрмыс-тіршілігіме, басшылық жұмыстарымда алға ілгерлеуіме демеуші күш болды» дейді зейнеткер.

«Мен қанша тұрмыс қиыншылығын тарта жүріп ер жетсем де, кітап менің рухани дүниеме нұрын сеуіп, қызметте өрлеуіме, емтиханнан өтіп, ресми әкімшілік жұмыс істеуіме, төменгі сатыдан бастап, басшылық орынға көтерілуіме дейін мықтап негіз қалады. Бүгінгі күнде өткен істеріме қайырыла назар салсам, менің орталау мектепті (7 сыныпты - авт.) толық бітірмеген болмашы оқу тарихым мен ересектердің білім толықтыру класынан екі жыл оқып алған орта техникум дәрежелі сауаттық білімімнің тең жартысы өздігімнен үзбей кітап оқып үйренуімнің жемісі екендігіне шүба келтірмеймін...» деп түйіндейді өз ойын Науан Қызметұлы.

Ол балаларына әрдайым «артық білім кітапта» екенін ескертіп отыратынын, сондай-ақ зейнеткер кітап сөресіндегі кітаптарын басқалардың оқуына беру арқылы достарынан ой ортақтығын сақтап жүретінін айтады.
null

«Менің кітап сөремнен кітап сұрап алып оқитындар неше ондаған жылдардан бері жалғасып келеді. Тіпті, кейбір кітаппаз зиялылар, қаламгерлер де қажет болған кітаптарын менен алады. Мен оларға кітаптарымды беріп, олармен оқыған кітаптармыз туралы әңгімеге кірісіп, өзара талқылап, қуанысып қаламыз. Мен ұзақ уақыт ауыл, аудан әкімшіліктерінде басшылық қызметтер атқарған болсам да, өзімді қарапайым оқырман санаймын. Оқырман тұрғысынан, қазақ тіліндегі басылымдармен әбден таныспын, жарты ғасырдан бергі өнімдерінен құмарлана сусындадым. Жуық жылдары өзімнің оқушылық өмірімді тақырып еткен эссе кітапта жаздым...», - дейді Науан Қызметұлы.

Үрімжіде қызықты қоғамдық спорт ойындары өтті - «Тяньшаньнет» ақпараттық порталы
null

«Ұшпа кілем жарысы» сынды қызықты спорттық ойындардың өтуінің басты мақсаты осындай шаралар өткізу арқылы бір аумақта тұратын адамдарды бір-біріне жақындату. 

Сондай-ақ, бұл жолғы әлеуметтік шара 1 мамыр халықаралық еңбекшілер мерекесін қарсы алу екен.
null

Бұл туралы қытайлық kazakh.ts.cn ақпараттық порталы хабарлаған болатын. Аталған шараға әртүрлі ұл пен ұйым өкілдері қатысқан.

Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи симпозиумы басталды - TRT

null

Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи екі күндік симпозиумы Анкарада басталды. Бұл туралы 26 сәуір күні Түркия Радио Теледидар мекемесінің ресми ақпараттық порталы хабарлады.

Симпозиумның беташарына Ислам елдері Статистика, экономика және әлеуметтік зерттеу және білім орталығы SESRİC бас директоры Муса Кулаклыкая, Қожа Ахмет Ясауи Университеті өкілетті кеңес төрағасы профессор Муса Йылдыз, өкілетті кеңес мүшесі профессор Мухитдин Шимшек, Түрік Ынтымақтастық және координация басқармасы төрағасының орынбасары Мехмет Сүрея Ер мен көптеген университет ұстаздары қатысты.

Беташарда сөз сөйлеген профессор Муса Йылдыз 2016 жылы TIKA-ның қолдауымен Диуани Хикмет сұхбаттары басталғанын еске салды.

«Осы сұхбаттар басталғанда, Қожа Ахмет Ясауидің Диуани Хикметін шағатай тіліндегі түпнұсқасымен жарияладық. Балалар үшін хикая кітабын бастырдық. Қожа Ахметті балаларымыз да үйренсін деп мақсат еттік» деді Муса Йылдыз.

Йылдыз сонымен бірге 2016-2017 ЮНЕСКО Қожа Ахмет Ясауи жылына орай 850 жылдық маркасы мен хатқалта шығарылғанын, айырықша күміс монета бастырылғанын айтқан.

«Түркістан пірі Ахмет Ясауи біз үшін - жол көрсетуші. Орталық Азияда түрік-Ислам түсінігін қалай пішіндеп, біз тұрған жағрафияға қалай созылған болса, сол секілді оның принциптері біздің аталарымыз арқылы әлемге тарады. Сол сүйіспеншілікке толы түсінік әлемді шарлап жүр. TIKA да осы түсініктің бір бөлшегі болу үшін жұмыс жасауда» деді ТИКА төрағасының орынбасары Мехмет Сүрея Ер.

Дәл осы Түркия Радио Теледидар мекемесінің ресми ақпараттық порталында осы аптада «Жер жаннаты Жетісу» деген тағы бір шағын ақпарат жарық көрді. «Жер жаннаты - Жетісу» - бұл мекен тарихта түркілер алғаш орналасқан жер деп те есептеледі. Табиғи сұлулықтары жағынан Орталық Азияның жұмағы деп есептелген бұл өңір көктем келгенде ерекше келбетке енеді... Территориясының ауқымы жағынан әлемнің тоғызыншы елі болып саналатын Қазақстан көптеген адам үшін - әлі ашылмаған, құпия жерлері көп мекен...» деп жазады Түркиялық БАҚ.
null

Қазақстан Иранмен туризм саласын дамытуға әзірлігін білдірді - «Фарс» ақпарат агенттігі

null


«Ирандағы Қазақстан елшісінің орынбасары екі ел арасында туристермен алмасуды сұрады» деп жазды parstoday.com. Бұндай ұсынысты Ирандағы Қазақстан елшісінің орынбасары Нұржан Абдуллаев көтерген. «ИИР-ның президенті «Табриз 2018» шарасының ашылу рәсімінде мұсылман елдері арасында туристермен алмасуды арттыру қажеттігін қуаттағандай Қазақстан үкіметі де осы істі жүзеге асырып, өз азаматтарына Иран мен Табриздің көрікті жерлерін таныстыруға мүдделі болып отыр»,- деген Нұржан Абдуллаев.

Нұржан Абдуллаев Табризді көркем, ауа-райы таза, көрікті жерлерге бай қала деп сипаттай келе, қазақстандықтардың осы тамаша әрі тарихи қаланы келіп көруі үшін талпыныс жасалатынын, Иран мен Қазақстан арасындағы визалық режимді жою туристер алмасуды жеңілдетіп, Иранға келетін қазақстандықтардың санын арттыратынын айтқан. Сондай-ақ, бұл істі үстіміздегі жылдың соңына дейін жүзеге асыру жоспарланып отырғанын мәлімдеген.

«Табризді 2018 жылдағы мұсылман елдерінің туристік астанасы ретінде бекіткен халықаралық деңгейдегі салтанатты рәсім сәрсенбі күні Иран президенті Хасан Рухани мен бір топ елшілер мен аймақ елдерінің Туризм министрлерінің қатысуымен өтті. 2018 жылы мұсылман елдерінің туристік астанасы ретінде таңдалған Табриз табиғи және тарихи көрікті мекендері мен қолөнер бұйымдарына бай тарихи қала саналады» деп түйіндейді Ирандық БАҚ.

Студенттер Бейжіңде қазақтың әйгілі ақыны Мағжан Жұмабаевты еске алды - «Жэньминь жибао» (People Daily)
null

«Мағжан Жұмабаев (1893 - 1938) Қазақстанның әйгілі ақыны, осы заман әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, «Қазақстанның Пушкині мен Шекспирі» аталған ірі тұлға» деп жазады қытайлық People Daily. Қытай халықаралық мәдени ықпалдастық орталығы мен Бейжің шетел тілі университетінің «Қазақстан орталығы» бірлесе отырып, Бейжіңде Қазақстанның әйгілі ақыны Мағжан Жұмабаевтің дүниеге келгендігінің 125 жылдығын еске алу кеші өткізген.

null

«Қытай мен Қазақстанның ЖОО-дан келген студенттер Мағжанның шығармасынан Қытайша - Қазақша екі тілде оқыды. Аталған мәдени шараға Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің, Қытай халықаралық мәдени ықпарлдастық орталығының, Қытай қоғамдық ғылымдар акедемиясының өкілдері қатысты» деп жазды қытайлық БАҚ.

nullnull

Соңғы жаңалықтар