+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Мектептен қайтып келе жатқан: Алматыда ер адам оқушы қызды тонаған

2021 жылғы 26 қараша 12:42
Бөлісіңіз:
Мектептен қайтып келе жатқан: Алматыда ер адам оқушы қызды тонаған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жасөспірім қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысының трассасында жүк көліктері аударылды Шегі қата күліп отырған: Павлодарда автобус жүргізушісі есірткі қабылдап алған Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

Оның айтуынша, қызы мектептен келе жатқанда белгісіз біреу оның қолынан IРhone ұялы телефонын тартып алған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті қамауға алынды.

«Полицияға жеткізілген 28 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазір күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT