Мектептегі мол дастархан: Ақтөбедегі білім басқармасы түсінік берді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Байғанин ауданында комиссия мүшелері үшін мектепте дастархан жайылған. Облыстық білім басқармасы әрқайсысынан түсініктеме алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мән-жайды анықтау үшін білім басқармасына материалдарды жолдады. Ал «Ақтөбе - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі арқылы тікелей эфир сұрақтарына жауап берген білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева тексеру басталғанын мәлімдеді.

«Байғанин ауданында тіркелген дерек бойынша анықтау жұмысы жүріп жатыр. Мектеп директоры облыс орталығына шақырылды. Негізі жыл басында қандай да бір комиссия келсе де дастархан жайып, күтіп алуға болмайтыны туралы айтылады. Бұл жерде дәрігерлік комиссия денсаулығында ақауы бар балаларды мектепке немесе балабақшаға жіберу туралы сұрақтарды қарайды. Сондықтан олар, комиссия мүшелері 1 мың теңгеден ақша жинап, адамдар көп күтіп қалмас үшін мектеп ішінде түскі асқа дастархан жайған. Бәрі де анықталып, қосымша ақпарат таратамыз», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Ақтөбеліктердің бірі басшының адалдығы туралы сұрақ қойды.

«Мен адалмын. Қандай да бір күмән болса, келіп айтуыңызға болады», - деді Л.Оразбаева.

Соңғы жаңалықтар