Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек
2022 жылғы 7 тамыз 18:31

Мектептегі дене шынықтыру сабағын бағалау жүйесі өзгертілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы мектептерде дене шынықтыру сабағындағы бағалау жүйесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде дене шынықтыру сабағында бағалауды өзгерту мәселесін Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығында жұмыс тобы қарастырып жатыр», - деп жазды Е. Тоғжанов депутаттық сауалға жауап бере отырып.

Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы базасында 5-9 сыныптар үшін «Дене шынықтыру» сабағының оқыту бағдарламасына өзгерту мен толықтыру енгізу жұмысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мектеп жасындағы 2 млн бала дене шынықтыру үйірмелерімен қамтылған

Қазақстанда екі жылда 100-ден астам дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT