Мектептегі ақша жинау оқиғасына департамент түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мектебінде жалюзиге ақша жиналғаны туралы мұғалімнің жанайқайына қатысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№143 мектеп лицейіндегі ақша жинау дерегі бойынша қазір департаменттің арнайы мониторинг тобы жұмыс істеуде.

«Әлеуметтік желіде жарияланған жазбаны арнайы бақылау тобы тексеруде. Топ мүшелері құқықбұзушылық дерегі болғанын растайды. Біз мектепке барып түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Білім басқармасымен де сөйлесіп жатырмыз. Бірақ, Ләззат Мұсанова бізге әлі арыз жазған жоқ», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Айта кету керек, №143 мектеп-лицейінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Ләззат Мұсанованың Facebook-тегі жазбасы әлеуметтік желіде шу туғызды.

Педагог кабинетке жалюзи алу үшін балалар мен мұғалімдер ақша жинап бергенін айтып дабыл қақты.

Кейін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.



Соңғы жаңалықтар