Мектепте жылу қазандығы жарылып, от жағатын жұмысшы зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сандықтау ауданындағы мектептердің бірінде жылу қазандығы жарылып, от жағушы жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Сандықтау ауданында мектептің жанында орналасқан жылу қазандығы жарылған. Жарлыс кезінде жұмыс орнында болған от жағатын жұмысшы зардап шегіп, аурхана жатқызылды.

«Төтенше жағдайдан мектептегі оқу процесіне кедергі келген жоқ. Қосымша қазандық бар. Сонымен қатар, оқушылар да зардап шеккен жоқ», деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсан айында Целиноград ауданы Талапкер ауылына қарасты 96 Разъездегі балабақшаның жылу қазандығы жарылған еді.  

 

Соңғы жаңалықтар