Мектепте өтетін іс-шараларға аниматорларды жалдауға болмайды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Биыл Маңғыстау облысында оқушыларға ақша жинап, мектепке немесе мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Білім ордасында өтетін шараға аниматорларды жалдап шақыруға болмайтыны алдын ала ескертілген. Түлектердің автокөлікті жалға алып, қала ішінде жүруіне де тыйым салынған. Сондай-ақ табиғатқа экскурсия жасауға, қала сыртындағы сауықтыру орындарына баруына да шктеу қойылған.

«Жалпы алдағы уақытта да балабақша мен мектептерде аниматорлармен шара өткізуге жол берілмейді. Сонымен қатар мерекелік дастархан да жайылмайды. Түлектердің автокөлікті жалға алып, қала ішінде, табиғатқа экскурсия жасауға, қала сыртындағы сауықтыру орындарына баруына жол берілмейді. Барлығы қатаң бақылауда болады. Мейрамхана, дәмхана және көңіл көтеру орындарында отырыс ұйымдастыруға рұқсат етілмейді», - деді Маңғыстау облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айжақсы Тұржанова.


Соңғы жаңалықтар