Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 9 °С
Алматы: 6 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Мектепте болған атыс 17 адамның өмірін қиып кетті

2018 жылғы 15 ақпан 07:31 1889
Бөлісіңіз:
Мектепте болған атыс 17 адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Флорида штатында (АҚШ) Паркленд қаласындағы Marjory Stoneman Douglas мектебінде болған атыс салдарынан 17 адам қаза тапты.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында дауыл салдарынан мәдениет үйі мен тұрғын үйлердің шатырлары қирады Жеңіс Қасымбек: Аттракциондар қатаң қадағаланатын болады

Бұл туралы округ шерифі Броудер Скотт Исраэль мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«12 адам - мектепте, екеуі - мектеп ғимаратында, біреуі - көшеде және екеуі ауруханада көз жұмған»,- деп нақтылады ол. «Мерт болғандардың арасында оқушылар да, үлкендер де бар»,-деп қосты шериф.

Оқ жаудырған қаскөй «тәртіп бұзғаны үшін мектептен шығарылған». Бұдан бұрын оның 18 жаста екендігі айтылған болатын. WSVN телекомпаниясының федеральдық құқық қорғау органындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, оқ атқанның есімі  Николас Круз.

 

 


Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат