Мектепке жол: Атырау облысында 10 мың оқушыға көмек көрсетіледі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Мектепке жол» акциясы аясында 10 мың оқушыға көмек көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенованың мәліметінше, оқушыларды мектепке дайындау үшін 10 мың өтініш түскен.

«Облыста жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтеді. Қазір өңірде әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардың 13 мыңнан астам оқушы бар. Мектеп формасы мен оқу құралдарын сатып алуға облыстық бюджеттен 248 млн 400 мың теңге бөлінді. Қайырымдылық іс-шарасы көп балалы және аз қамтылған, сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалар алады. Бір балаға 25-35 мың теңгенің көмегі көрсетіледі», -дейді Айнагүл Дүйсекенова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында 14 мыңнан астам бала 1-сыныпқа баратынын хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар