Мектепке жол: Алматыда 22 мыңнан астам оқушы көмек алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Мектепке жол» акциясының қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Айта кетсек, жалпыреспубликалық акция Мемлекет басшысының жолдауы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Мақсат- әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына көмек көрсету.
«Эпидемиологиялық жағдайдың сақталуына байланысты «Мектепке жол» дәстүрлі акциясын өткізу платформа арқылы жыл бойы жалғасады www.atamekenim.kz көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтініштерін қалдыра алады, ал демеушілер мен меценаттар көмек көрсету бойынша өтінім бере алады», - деді Қайрат Жұманов.
Сонымен қатар, көмек көрсетудің дәстүрлі әдістері жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан 22142 оқушыға 774 млн 970 мың теңге бюджет қаражаты (жаппай оқыту қоры) сомасында көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, акцияны Алматы қаласының меценаттары қолдап, 9 022 оқушыға 123 млн 399 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
Спикер Білім басқармасы мен жаппай оқыту қоры тарапынан 1-11 сынып оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылғанын атап өтті.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен қаражат қарастырылған, 24 мыңнан астам оқушы қала мектептерінде тамақпен қамтамасыз етілген.


Соңғы жаңалықтар