«Мектепке жол»: Ақмола облысында 13 мың бала материалдық көмекке мұқтаж

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова журналистермен болған брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы шілденің 1-нен «Жүректен жүрекке!» ұранымен басталды. Акция қыркүйектің 30-на дейін жалғасады деп жоспарланған.

«ҚР БҒМ жылдағы дәстүрі бойынша биыл 12 жыл қатарынан «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы ұйымдастырылуда.

Акцияға «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен оның өңірлік бөлімшелері және «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігі демеушілік танытуда», дейді Ботакөз Дүйсенова.

Басқарма басшысының орынбасары атап өткендей, «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Осы ретте, үй-үйді аралау рейдтік шаралар арқылы мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай-ақ, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы балалардың мектепке жиналуын қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР БҒМ ұсынысымен барлық аудандарға «Мектепке жол акциясын» өткізу туралы бұйрық берілген. Аталмыш ұсыныстағы жоспарға сәйкес, демеушілер, меценаттар, ірі компаниялар мен акционерлік қоғамдардың басшыларына және тұрғындар акцияға барынша тартылуы тиіс. Сонымен қатар, ақпараттық -түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.

«Жылдан жылға акцияға қатысушылардың саны артуда. Өткен жылы өткізілген акцияның қорытындысы бойынша облыста аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 8481 балаға барлығы 88222,3 мың теңгенің көмегі көрсетілді. Биылғы жылы облыс бойынша 13437 бала материалдық көмекке мұқтаж болса, оның 1187 бірінші сыныпқа барады», деп толықтырды Ботакөз Дүйсенова.
null

Осы ретте, ол педагогтер мен ата-аналар қауымы, бизнес - құрылымдар, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар қайырымдылық акцияны ұйымдастыруда белсенділік таныту қажеттігін атап өтті.

«Біз әр баланың өзіне деген қамқорлықты, махаббатты, назарды сезінгенін қалаймыз. Көмекке мұқтаж балаларға назар аударып, олардың қоғамда тәуелсіз және дербес болуын қамтамасыз етуіміз қажет», деп түйіндеді Ботакөз Дүйсенова.

Соңғы жаңалықтар