Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 мыңнан астам педагог бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева биыл балабақшалардағы 21 мың тәрбиеші біліктілігін арттыру курстарнан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 97 408 педагог жұмыс істеп жүр. Оның ішінде ауылдарда 41 596 (42,7%), ал қалада 55 811 (57,3%) адам қамтылған», - деді Н. Жұмаділдаева.

Оның айтуынша, жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі өзгеріс аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтетін педагогтер саны артып келеді.

«2022 жылы 14 мыңнан астам педагог курстардан өтсе, 2023 жылы 21 мың маман қамтылады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің жалақысын өсіру ескерілген. Бұдан бөлек, олардың жүктемесін азайту қарастырылып жатыр», - деді департамент басшысы.


Соңғы жаңалықтар