+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Мектеп, зауыт, медорталықтар: Елордада қандай нысандар салынады

2019 жылғы 23 қыркүйек 16:50
Бөлісіңіз:
Мектеп, зауыт, медорталықтар: Елордада қандай нысандар салынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан әкімінің төрағалығымен өткен инвестиция мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесте білім беру, денсаулық сақтау, спорт және өнеркәсіп саласы бойынша 12 жоба таныстырылды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында көпсалалы медициналық орталықтың қазығы қағылды Алматының орталығында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтады Қарағанды облысында жолдарды жөндеуге бөлінетін қаржы бір жарым есеге артады

Жобаларды іске асыру 1 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және ел экономикасына 20 млрд теңгеден астам қаржы тартуға мүмкіндік береді.


Жеке инвестициялар есебінен жалпы білім беретін орталық, төрт мектеп салу жоспарланып отыр, 2-ші базада балабақшалар жұмыс істейтін болады. Бұл шамамен 4,5 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Мысалы, «International School of Nur-sultan City» ЖШС финдік білім беру әдістемесін енгізе отырып, жеке мектеп салуды жоспарлап отыр.


Жүйенің ерекшелігі - әр балаға жеке оқыту жоспары жасалады. Мектепте жабық бассейн және футбол алаңы болады.

Кеңесте сондай-ақ медициналық орталық, спорт кешені мен көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобалары да қолдау тапты.

Сонымен қатар, өнеркәсіп саласында жаңа жобалар қаралды. Олар: асфальт-бетон зауыты, темір-бетон бұйымдары мен коммуналдық арнайы техника шығаратын зауыт.

Бүгінгі таңда елордада 21,8 млрд. теңге сомасына 6 инвестициялық келісімшарт жасалды: ет өңдеу кешенінің құрылысы бойынша 1 жоба, медицина саласында - 1 және білім беру саласында жеке меншік мектептер құрылысы бойынша 4 жоба.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT