+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады

2021 жылғы 5 мамыр 13:42
Бөлісіңіз:
Мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы 28 мамырда басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық оқушылардың жылқы көңінен қағаз алу жобасы халықаралық байқауда жүлдеге ілікті Екі жүзден астам ақмолалық оқушы республикалық олимпиадаға қатысуда Ақтөбе облысында оқушыларға арналған жазғы мектептер ашылады

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналының хабарлауынша, оқушылар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан; өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді. Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан; алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан; Қазақстан тарихынан тестілеу; өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

2020-2021 оқу жылын 3,4 млн астам оқушы аяқтап жатыр. Олардың ішінде 150 мыңға жуығы — 11 (12) сынып түлектері, 270 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT