Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп түлектерін қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Оқушылардың мектеп бітіруіне байланысты қорытынды аттестаттау жұмысына өзгерістер енгізіледі. Оның ішінде білімнің нақты талаптарына қойылатын шарттар өзгертіліп, қайтадан қарастырылады. Сонымен бірге қазақстандық оқушылар халықаралық деңгейде өз білімдерін әрі қарай да көрсетіп, дәлелдейді. Осыған орай 2022 жылдың сәуір айында PISA-22 халықаралық зерттеуі өткізіледі. Осы зерттеулерге қазақстандық оқушылар қатысып, олардың білімдерін әлемдік деңгейде зерделейміз», - деді Шолпан Каринова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, білім сапасына әсер ететін көрсетіш – бұл материалдық-техникалық базаны жақсарту.

«2021 жылдан бастап Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың жол картасы аясында 5 мың мектепті 2025 жылға дейін жаңғырту жұмысы көзделген. Осыған байланысты бүгінгі күні 597 мектепте пәндік кабинеттер сатып алу, мектеп жиһазын жаңарту, оның ішінде мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңарту жұмыстары жүргізілді. Биылға да нақты көрсеткіштер барлық 17 өңірде белгіленді және іске асырылады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар