Мектеп пен ата-аналар арасында келісімшарттар не үшін рәсімделеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аталған бастама алғаш рет биылғы оқу жылынан бастап енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, мектеп пен ата-аналар арасында нақты келісімшарт болса, әрбіреуі өз міндеттерін білетін болады. Оған қоса, мектеп мұғалімдеріне артық салмақ түспейді. "Біз мектеп пен ата-ана арасында келісімшарт жасауды алғаш рет енгіздік. Аталған құжатпен мұғалімдер мен мектеп администрациясының құқығын қорғап, міндеттерін реттеуге болады. Себебі бізге екі тараптың өз міндеттерін және құқығын білетін және орындайтын жүйе қалыптастыру өте маңызды. Осының барлығы - мұғалімнің жұмысын жеңілдетуге бағытталған шаралар", - деді Е.Сағадиев Тамыз конференциясының пленарлық мәжілісінде.

Айта кетейік, биыл министрлік мұғалімдердің жүктемесіне қатысты арнайы бұйрық та шығарды. Оған сәйкес, мектеп мұғалімі тек 5 құжатты ғана толтыруға міндетті. Одан артық салмақ салынса, мектеп басшылығының үстінен арыз түсіруге болады. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтың айтуынша, аталған мәселе жиі көтеріледі. Себебі мұғалімдер қағазбасты жұмыстан босамайды. Оларды көптеген құжаттарды толтыруға міндеттейді. "Осыған байланысты білім және ғылым министрлігі биыл арнайы бұйрық шығарды. Онда мектеп мұғалімі толтыратын құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Бес құжат қана, ол - журнал, күнделік, балаларды сумативті-формативті бағалау, күнтізбелік және пәндік жоспар. Болды. Мұғалім тек осы құжаттарды ғана толтыруға міндетті. Басқасына уақыт кетіруге міндетті емес", - деді А.Аймағамбетов.

 Оның айтуынша, мұғалімдердің жүктемесін одан артық көтеруге болмайды. Мектеп басшылығы артық жұмыс берсе, арыз түсіруге болады. "Білімді бақылау департаментіне xабарласуға болады. Ондай департаменттер барлық облыстарда бар. Арыз түссе, тиісті шаралар қолға алынады", - деп атап көрсетті А.Аймағамбетов.

 

Соңғы жаңалықтар