USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Мектеп оқушысын өлтірді деп күдік келтірілген отбасы прокуратурадан араша сұрады

2017 жылғы 24 ақпан 12:59
Бөлісіңіз:
Мектеп оқушысын өлтірді деп күдік келтірілген отбасы прокуратурадан араша сұрады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде мектеп оқушысының өліміне қатысы бар деген күдікке іліккен Құлтановтар отбасы прокуратурадан араша сұрады. Әйтеке би ауданының Милы ауылында адам қолынан қаза тапқан 7 жастағы Саян Жақсылықтың өлімі бір жылдан бері ашылмай тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданының Милы ауылында өткен жылдың 27-ақпаны күні 7 жастағы Саян Жақсылықтың мүрдесі табылды. Арада 10 ай өткенімен нақты күдіктінің аты-жөні әлі күнге дейін белгісіз күйінде қалып отыр. Полиция қызметкерлері ай сайын, айына бірнеше рет тергеу жұмыстарын жүргізіп, ауыл тұрғынынан жауап алуын жалғастырып жатыр. Сот-мидициналық сараптамалар да тағайындалып, қорытындысы еш нәтиже бермеді. Бала өліміне күдікті әлі табылмады, ешкім қамауға алынбады.

«Күдіктілердің арасында менің әйелім Гүлжамал Ысқақова да бар. Өткен жылы қайғылы оқиға болып, полиция қызметкерлері бәрімізден қан алды, арнайы аппарат арқылы тексерді. Бірақ ештеңе таппады. Үй ішін тінтіп, еденді көтеріп, әжетханамызды қазып тастады»,- дейді Асылбек Құлтанов.

Жауап алу жұмыстары өткен аптада қайта жалғасқан. Асылбек Құлтановтың айтуынша, соңғы жауап алу кезінде құқық қорғаушылар қылмысты мойындау туралы шешімді ұсынған.

«Медициналық бекетке шақырып, үш сағат ұстады. «Мойындаңдар, жасырып отырсың» деді полиция қызметкерлері. Төрт баламыздың бар екенін, қылмыс ашылса олардың балалар үйіне жіберілетіні айтылды. Ертеңіне қайта келіп, түрмеге жабамын деді. Балаларым, әйелім ауру болды. Бізді осылай әурелей бере ме?»,- деді А.Құлтанов.

Милы ауылының тұрғыны бұған дейін аудандық прокуратурадан араша сұраған. Бүгін облыстық прокуратураға арызын қалдырды.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алтынай Сағындықова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT