Мектеп оқушысы өртті дыбыспен өшіру құрылғысын құрастырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Абай Лоран Әлмұхамбетов отты дыбыспен өшіретін құрылғыны құрастырып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен жоғары амплитудалы дыбыс толқындары арқылы өртті сөндіре аламын. Осы құрылғының ерекшелігі сол, дыбыс толқындары өрттің айналасындағы ауаны тарылтып, оттегіні азайтады. Ал оттегі болмаса, от жана алмайды», - деді Абай Лоран ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.



Атыраулық оқушы өз жобасын «Ұлы Дала мұрагерлері» атты көрме аясында таныстырды. Ол жерде Назарбаев зияткерлік мектептерінің жетістіктері алғаш рет көрсетілді. Көрме аясында ұлттық қолөнер, көркемсурет, гобелен, панно және тағы басқа қолданбалы өнер саласындағы мектеп оқушыларының өз қолымен жасаған бұйымдары,  сондай-ақ робототеxника, ғарыш, мұнай-газ, инфрақұрылым және өңдеу өнеркәсібі бойынша ойлап тапқан жобалары таныстырылды. Шара аясында мұғалімдерге арналған шеберлік сабақтары да ұйымдастырылды. Мәселен, Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің тағы бір оқушысы Сәттіғали Жолдасбай өз атасына «ақылды тақияны» жасап берді.  Ал Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Әділ Ордаев өз роботтарын «Қара жорғаға» билеткізіп қойды .

Айта кетейік, өртті дыбыспен өшіру технологиясын осыдан екі жыл бұрын АҚШ-тың Джордж Мейсон атындағы университеттің студенттері де таныстырған. Олар осы елдің қорғаныс саласындағы ғылыми-зерттеу агенттігінің (DARPA) бейнебаянын негізге алды.    

 

Соңғы жаңалықтар