Мектеп оқушыларының аудандық пәндік олимпиадаларында ашықтық жоқ - БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп оқушыларының аудандық пәндік олимпиадаларында ашықтық жоқ. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні мектепішілік және аудандық деңгейде өткізіліп жатқан олимпиадалар әлі де автоматтандырылмаған. Оның ішінде ашықтық қамтамасыз етілмеген. Сондықтан жергілікті деңгейде бұл сұрақтар көтеріліп жатыр. Біз биыл осы жұмыспен айналысамыз. Оқушылардың ғылыми жобаларды іске асыруы да үлкен бағыт. Бұл орайда да ашықтықты қамтамасыз етуге байланысты жұмыстар осы жылы қолға алынады», - деді Шолпан Каринова министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.


Соңғы жаңалықтар