+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

2020 жылғы 21 қыркүйек 12:34
Бөлісіңіз:
Мектеп оқушыларына тегін көмектесетін жоба іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда оқушыларға мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектесетін «E-Tutor» әлеуметтік жобасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шардара ауданында биыл мүмкіндігі шектеулі 100 адам шипажайда демалады Қазақстанда 12 мыңнан астам әлеуметтік сала қызметкері тестілеуден өтеді Ақмола облысында әлеуметтік қызмет порталы іске қосылды

«NU Alumni» түлектер қауымдастығы білім берудегі тәлімгерлік бойынша осындай жобаны іске қоспақ. Жоба аясында НУ түлектері мен студенттері қатарынан кураторлар волонтерлық негізде 5-11 сынып оқушыларына бірқатар пән бойынша мектеп бағдарламасын меңгеруге көмектеседі. Оқушыларды іріктеу кезінде ең алдымен медицина қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне, сондай-ақ көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардан шыққан балаларға басымдық беріледі.

Жобада оқушылар пәндерді меңгеруде көмек алып қана қоймай, робот техникасы, информатика және бағдарламалау бойынша үйірмелерге жазыла алады.

Сондай-ақ, менторлармен бірге балалар олимпиадаларға дайындалып, емтихандарды, соны ішінде IELTS және SAT-ті де тапсырады.

«Біздің жоба қазақстандық оқушылардың әлемдік білім беру кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу үшін ойластырылған. Бүгінгі таңда біздің жобамыз елорданың бірнеше мектебін ғана қамтиды, бірақ болашақта еліміздің әр өңірінен келген балаларды оқуда қолдау арқылы оның географиясын кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - дейді «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Арман Қоңқабай.

Сабақты оқушының таңдауына байланысты қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде өткізу жоспарлануда. Әр оқушы 3 пәнге дейін таңдай алады. Ол бойынша куратор апта сайын 45 минуттан онлайн-сессия өткізеді. Барлық білім беру материалдары: онлайн-сабақтардың жазбалары, әдістемелік анықтамалықтар, оқулықтар, емтихандарға дайындық бойынша ұсынымдар жобаның арнайы сайтында орналастырылады.

Бүгінгі күнге дейін жобаға іріктеудің барлық кезеңінен өткен 69 куратор-түлек қатысуға ниет білдірген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT