+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Мектеп оқушыларына арналған екі білім платформасы бірігіп жатыр

2020 жылғы 16 қыркүйек 18:16
Бөлісіңіз:
Мектеп оқушыларына арналған екі білім платформасы бірігіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп оқушыларына арналған «Daryn.online» мен Kundelik.kz платформалары бірігіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады Алматы облысында қашықтан оқыған 300 оқушыдан коронавирус анықталды Еуразия ұлттық университетінің өкілдері тікелей эфирден 10 сағат бойы студенттердің сауалдарына жауап берді

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында білім беру платформаларын біріктіруге қатысты сұрақ қойылды.

Өз кезегінде «Daryn.online» білім беру платформасының өкілі Ержан Оңалбаев қазіргі кезде жүйені қолданушылар үшін платформаның көптігі қолайсыздау болып тұрғанын жеткізді.

«Орташа есеппен бір мектепте 4-5 платформа бар. Мұғалімдер мен оқушылар әр платформаның логині мен құпия сөзін есте сақтауы керек. Бұл өз кезегінде ыңғайсызду болып отыр. Осы орайда «Daryn.online» мен Kundelik.kz платформасы бірігіп, интеграция жасап жатырмыз. Ол қазан айының басында дайын болады. Бұл интеграция бізге және желіні қолданушыларға не береді? Осы ретте бір логин әрі құпия сөзбен «Daryn.online» мен Kundelik.kz платформасына бірден кіруге мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Е. Оңалбаев.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы уақытта «Daryn.online» платформасында бейне сабақтарды көріп болған соң, тест орындалады. Сонда жиналған ұпайлар Kundelik.kz платформасында көрініп тұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT