Мектеп оқушыларын жаппай гинекологтардың тексерісінен өткізуді әлі де талқылау қажет - Асылова

None
None
АСТАНА. ҚазАқпара - Білім және ғылым министрлігі балаларға қатысты жыныстық қылмыстарды анықтау мақсатында ұстаздардың псиxологиялық дайындығы күшейтуді көздейді. Ал мектеп оқушыларын жаппай гинекологктардың тексерсінінен өткізу мәселесін әлі де талқылау қажет, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі жоспарға сәйкес, біз псиxолог ұстаздардың санын көбейтетін боламыз. Мәселен, 2015-2016 оқу жылында 2 638 псиxолог пен әлеуметтік педагог біліктілікті көтеру курстарынан, сондай-ақ 6 902 медицина қызметкері псиxологиялық дайындықтан өтті. Жалпы, біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Негізі, біз дайындық бағдарламаларының барлығын қайта қарап шығуымыз қажет. Бұдан бөлек, псиxолог ұстаздардың өздерін қайта даярлап, олардың санын арттыру бойынша жоспарлар бар. Осы саладағы жұмыс жалғаса береді. Оған қажетті қаражат та бар», - дейді Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова.

Айта кетейік, күні кеше Бас прокуратурада балаларды зорлау мәселесіне қатысты жиын өтті. Онда Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко жыныстық қылмыстың құрбанына айналған балаларды бірден анықтау мақсатында мектеп мұғалімдерінің псиxологиялық дайындығын күшейту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ ол мектепте өткізілетін медициналық тексерістерге гинеколог мамандар да атсалысуы қажет деп санайды. Себебі жыныстық зорлықтың құрбанына айналған балалар көп жағдайда ол қылмыстар туралы ашық айтуға қорқады.  Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың ойынша, ұстаздардың псиxологиялық дайындығын арттыру қажет. Алайда медициналық тексерістерге гинеколог пен xирургтарды қосу мәселесін әлі те талқыға салған жөн.

«Енді, ондай тексерістер ата-ананың қатысуымен өтеді. Ол міндетті түрде. Дегенмен, кішкентай балаларды гинекологтардың тексеру мәселесін әлі де талқылау қажет. Қоғамның талқысына салған жөн. Ата-аналар өз көзқарасын айтуы керек. Бұл бастаманың құқықтық тәртібін зерделейік. Әлемдің тәжірибе бар. Осының бәрін ескере отырып, нақты шешім жасауға болады», - дейді вице-министр Асылова.

Соңғы жаңалықтар