Мектеп мұғалімдері ағылшын тілін білуге міндеттеле ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігінің өкілі мектеп мұғалімдерін, соның ішінде егде жастағы ұстаздарды ағылшын тілін меңгеруге міндеттеу мәселесі бойынша сұраққа жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз мектеп мұғалімдерін қала немесе ауыл деп бөлмейміз. Кім үйренгісі келеді, сол адамды курстарға қабылдаймыз. Ең бастысы, ағылшын курстарына қатысу, я қатыспау, ол адамның өз еркі болуы қажет. Мәселен, биыл курстарға жазылу үшін міндетті түрде мұғалімнің өз өтініші болуы керек. Ол өтініште мұғалім «мен өз еркімен курстарға барамын, одан кейін курс бойынша берілген барлық талаптармен келісемін, осы курсты бітіргеннен кейін мен ағылшын тілінде осы пәндерді жүргіземін» деген нақты келісім болуы қажет. Осындай шарттар орындалған кезде ғана біз мұғалімдерді ағылшын курстарына жібереміз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, министрлікке ағылшын тілін үйренуге міндеттеу бойынша арыз-шағымдар түскен жоқ, керісінше, егде жастағы ұстаздардың өздері арнайы дайындық курстарына сұранып отыр.

«Кеше ғана бізге бір шағым түсті. Сол шағымда мұғалім министрдің атына өз мәселесін жазды.

«Менің жасым 56-да дейді. Мен ағылшын тілін оқу үшін арнайы курсқа барайын деп едім. Бірақ облыстық білім басқармасы менің өтінішімді қабылдамай отыр» деген шағым түсіп жатыр. Жалпы, 2019 жылға дейін біз мұғалімдерді дайындауымыз қажет. Екіншіден, оқулықтар, үшіншіден, әдістемені әзірлеуіміз керек. Төртіншіден, балалардың өздері де дайын болуы шарт. Себебі 2019 жылдан бастап 10-11 сыныпта кейбір пәндер ағылшын тілінде оқытылады», - деп атап көрсетті А.Аймағамбетов.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында министр Ерлан Сағадиев мұғалімдердің аттестациясын өткізетіні туралы айтты.  Жаңа жүйеге сәйкес, бұған дейінгі үстамеақылардың барлығы сақталады. 

Соңғы жаңалықтар