Мектеп мұғалімдері 5 күндік жұмыс форматына көшеді

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Келесі жылдан бастап мектеп директорлары мен мұғалімдер 5 күндік жұмыс форматына көшеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі оқу жылынан бастап (биылғы 1 қыркүйектен - ред.) үш ауысымда білім беретін мектептерді қоспағанда, барлық білім ордаларын бес күндік жұмыс форматына көшіру туралы шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына да, мұғалімдерге де және барлық қызметкерлерге де қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалуы, балаларының қасында болуы қажет деп санаймыз», - деді министр республикалық тамыз конференциясы барысында.

Асхат Аймағамбетов бұл мектеп директорына, оның орынбасарларына да қатысты екендігін баса айтты.

«Осы орайда, «Бұл жайт еңбек демалысына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайды. Бұл мәселе еңбек демалысына әсер етпейді. Еңбек демалысы 56 күн және өзгеріссіз қала береді», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар