+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Мектеп құрылысында МЖӘ тәжірибесі кеңінен таратылады

2019 жылғы 6 мамыр 12:04
Бөлісіңіз:
Мектеп құрылысында МЖӘ тәжірибесі кеңінен таратылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) жүйесін білім саласында кеңінен пайдалануды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білім беру саласы бойынша балабақшаларды орындармен қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің үздік үлгілерінің бірі деп айтуға болады. Бүгінгі таңда балабақшалардағы орындардың 40 пайызға жуығын жеке сектор беріп отыр, оларда 307 мыңнан астам бала қамтылған. Балабақшалар үшін жан басына қарай қаржыландыру нормативі бекітілген, сондықтан өңір әкімдіктері олардың орындалуын қамтамасыз ету қажет», - деп тапсырды Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Мұнымен қоса Үкімет басшысы мектептерді салу кезінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәжірибесін кеңінен тарату керектігін жүктеді. Осы орайда барлық тетіктер мен құралдар әзірленген. Бірқатар өңірде осы бағытта тиімді жұмыс атқарылуда.

«Сонымен бірге, кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінде осындай жобаларды дамытуды бастаған жөн. Қазіргі уақытта бұл мәселелер пысықталуда. Бірлескен жобаларды дамыту мен басқару бойынша бизнес тарапынан үлкен қызығушылық бар және оны көріп отырмыз. Жалпы, техникалық және кәсіптік білім беруді одан әрі дамыту мәселесі Үкіметтің алдағы отырыстарының бірінде тағы да жеке талқылаймыз», - деді Премьер-Министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет отырысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша жобалардың құны 3 трлн теңгеге жуықтағаны айтылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT